Іс-шаралар күнтізбесі

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Исабаевна Дулатованың туғанына 90 жыл толуына орай «Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

29.01.2021

Құттықтаймыз!

Тарих, археология және этнология факультетінің  Қазақстан тарихы кафедрасы тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Исабаевна Дулатованың туғанына 90 жыл толуына орай «Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция барысында профессор Дина Исабаевна Дулатованың қызы Шолпан Нариманқызы Дулатова Уфа (Ресей Федерациясы) қаласынан онлайн байланысқа шығып, факультет ұжымына алғыс білдірді. Сонымен қатар, студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында факультетіміздің оқуды озат, қоғамдық жұмысқа белсене араласатын 4-курс студенттері Әбілдос Рамазан мен Қалқабаева Таңшолпанға «профессор Д.И.Дулатова атындағы» шәкіртақы тағайындалды.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Хаджеттепе университеті жанындағы Ататүрк институты бірлесе отырып 2021 жылы 16 сәуірде Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай «ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басындағы

23.01.2021


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Түркия Республикасы Анкара қаласындағыХаджеттепе университеті жанындағы Ататүркинституты бірлесе отырып2021 жылы16 сәуірдеҚазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай«ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басындағы түрік халықтарының мемлекеттіліктерін қалыптастыру жолындағы күресі тарихы» атты онлайн форматтахалықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференция мақсатыҚазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылғанына 100 жыл толуы аясында ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы Ресей империясының қоластында болған қазақ және өзге де түрік халықтарының өз мемлекеттіліктерінқалпына келтіружолындағы күресін қарастыру және халықаралық деңгейде бірлескен зерттеулер жүргізу болып табылады.

Конференция барысында қазақ және түрік халықтарының мемлекеттілігі тарихы мәселелері, Алаш қозғалысы және «Алаш» автономиясы, ҚазАКСР-нің құрылуы және оның қызметі, сондай-ақХІХ ғ. соңы мен ХХ ғасыр басындағы тәуелсіздік жолындағы түрік халықтары күресі, аса көрнекті тарихи тұлғалардың рөлі мәселелері жаңаша көзқарастар тұрғысынан талқыланады. Сонымен қатар конференция жұмысы барысында түрік халықтарының азаттық күресі тарихына байланысты жүргізілген ғылыми ізденістердің нәтижелері мен тұжырымдары сарапталады.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

-          Қазақ және түрік халықтарының мемлекеттілігінің тарихы мәселелері;

-          ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басындағы Ресей қоластындағы қазақ және түрік халықтарыныңмемлекеттіліктері үшін күресі мәселелері;

-          Алаш қозғалысы және «Алаш» автономиясы;

-          ҚазақАКСР-нің құрылуы мен қызметі;

-          ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басындағы қазақ және түрік халықтары тарихи тұлғаларының азаттық күресіндегі рөлі;

-          Қазіргі зерттеулердегі қазақ және түрік халықтарының азаттық күресі мәселелері.

Конференцияның өткізілу тілдері – қазақ, орыс, түрік және ағылшын.

Конференцияға отандық және шетелдік жетекші танымал тарихшылар, филологтар, қоғамтанушы ғалымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Конференция материалдарын рәсімдеу талаптары қосымшада беріледі.

Конференцияға қосылу Zoom:  

https://us02web.zoom.us/j/8313716923?pwd=U3g2NzZXK0tJdmREYjNYYXdScWVOQT09 

Конференция идентификаторы: 831 371 6923 

Кіру коды:802233 

 

 

ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ!

 

Қосымша 1

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

 

Конференция бағдарламасына кіргізу үшін, 2021 ЖЫЛДЫҢ 10НАУРЫЗЫНАДЕЙІН толтырылған тіркелу формасы мен мақаланың 200-250 сөзден кем емесабстрактынағылшын және түрік тілдерінде ұйымдастыру алқасынаMicrosoftОffice Word(2003, 2007) арқылы терілген файлмен жіберу қажет.Файлдың атауына автордың аты-жөніжазылуы қажет (Мысалы: Sadykova Ainur_abstract).

Баяндама конференцияның өткізілу тілдерінің бірінде жасалады, ал баяндама мәтіні ағылшын немесе түрік тілінде қабылданады.

Конференция жинағын дайындау үшін 2021 ЖЫЛДЫҢ 1 СӘУІРІНЕ ДЕЙІН6000-10000 сөз аралығындағы көлемдегі MicrosoftОffice Word (2003, 2007) арқылы терілген мақаланың мәтінінағылшын немесе түріктілінде «конференцияға» деген айдармен электронды нұсқасын (материал кері қайтарылмайды) ұйымдастыру алқасына жіберу қажет.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 3, каб. 4-4, Қазақстан тарихы кафедрасы. Тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-86), 87078737923 – Байдавлетова Мадина Досбергеновна, e-mail:conference.kazassr@gmail.com

Әр файлда тек бір мақала болуы керек, файлдың атауына автордың аты-жөні жазылуы қажет (Мысалы: Sadykova Ainur_ conference).

 

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  • ·     
  • ·  жоғарғы жағында баяндама тақырыбы Garamond (22 pt) курсивпен, 1 интервалдан кейін автордың аты, тегі, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны, телефоны, электронды почтасы, қаласы, тағы 1 интервалдан кейін мәтінжазылады;
  • ·  суреттер (ақ-қара түсті) 300 dpi –ден кем емес JPEG, JPG форматында сканерленген болуы шарт;
  • ·  сілтеме мәтіннің соңында берілуі тиіс;
  • ·  пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында автордың тегімен алфавиттік ретпен, көрсетілген мысал бойынша берілуі тиіс. Мысалы: LEWIS Bernard (1993) Modern Türkiye’nin Doğuşu

 

Жинаққа ұсынылатын материалдарыңыз қатаң редакцияланған, талапқа сай болуы тиіс. Баяндама мәтіні мен мазмұнына автор жауап береді.

Абстракт іріктеуден өткені туралы электронды почтаңызға хат жіберіледі. Іріктеуден өткен абстракт авторлары ғылыми мақаласын ақпараттық хатта көрсетілген талаптарға сай Ұйымдастыру алқасына жіберуге және конференция жұмысына қатысуға міндетті. Ұсынылған мақалалар конференция аяқталған соң 5 күн мерзімнің ішінде қаралып,Хаджеттепе университеті (Анкара, Түркия) жанындағы Ататүркинститутының халықаралық рецензияланатын, Web of Science және Scopus базасындағы 4-ші квартильдегі (Q4) «Қазіргі Түрік тарихы журналы»(Cumhuriyet tarihi araştirmalari dergisi – CTAD) рецензиясынан өтіп, іріктеледі.Журналдың шарттарынilkeler_etikCTAD_Bahar 2020_.pdf (hacettepe.edu.tr)сайтынаналуға болады.

Аталған журналдамақаланы жариялауға шешім қабылданғандығы туралы ақпарат автордың көрсетілген электронды мекен-жайы бойынша хабарланады.

 

Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы, 409 зал. Басталуы: сағ.11.00.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ЮНЕСКО жанындағы «Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы» 2021 жылы 5 ақпанда Сарыбай би Айдосұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Жамбылдың ұстазы Ер Сарыбай би Айдосұлы» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжір

19.01.2021

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ЮНЕСКО жанындағы «Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы» 2021 жылы5ақпанда Сарыбай би Айдосұлының туғанына 200 жыл толуына орай«Жамбылдың ұстазы Ер Сарыбай би Айдосұлы» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. 

Конференция мақсаты –Сарыбай Айдосұлының (1821-1890 жж.) тарихи рөлін, сондай-ақ ХІХ ғасырдағы Жетісу өңірінің басқа да тарихи тұлғаларының қызметі мен тарихымызға қосқан үлесін зерттеу, тақырыпқа қатысты концептуалдық көзқарастарды талқылау болып табылады.

Конференцияға қосылу Zoom

https://us02web.zoom.us/j/86819018158?pwd=Z1EwbTdIeFFtczEyb0FMOUN6UDY4QT09

Конференция идентификаторы: 868 1901 8158

Кіру коды: 197940

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 3, каб. 4-4, Қазақстан тарихы кафедрасы. Тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-86), 87078737923 – Байдавлетова Мадина Досбергенқызы, e-mail: kafedra.kaz@gmail.com

Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби кітапханасы, Абай залы (308 зал). Басталуы: сағ.11.00.

Ары қарай оқу >>

2021 жылы 29 қаңтарда тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Исабаевна Дулатованың туғанына 90 жыл толуына орай «Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

17.01.2021

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы 2021 жылы2 9қаңтарда тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Исабаевна Дулатованың туғанына 90 жыл толуына орай «Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. 

Конференция мақсаты –Дина Исабайқызының отандық тарих ғылымы мен тарихнамасының дамуына қосқан үлесін және қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.

Конференцияның жұмысы барысында профессор Д.И.Дулатованың өмірі мен ғылыми шығармашылығы, замандастары мен шәкірттерінің естеліктері, ғалымның отандық тарих ғылымы мен тарихнамасына қосқан үлесі, қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының даму бағыттары талқыланады. Сонымен қатар отан тарихының саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне қатысты жүргізілген ғылыми - ізденістердің тұжырымдары сарапталады.

Конференцияның жұмыс бағыттары:

-         Профессор Д.И. Дулатова туралы замандастары мен шәкірттерінің естеліктері;

-         Профессор Д.И. Дулатовананың отандық тарих ғылымына қосқан үлесі;

-         Қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері.

Конференцияның өткізілу тілдері – қазақ және орыс.

Конференция жұмысына отандық жетекші және жас тарихшы мамандар, қоғамтанушы ғалымдар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері қатысады.

Конференция материалдарын рәсімдеу талаптары қосымшада беріледі.

 

Конференцияға қосылу Zoom

https://us02web.zoom.us/j/8313716923?pwd=U3g2NzZXK0tJdmREYjNYYXdScWVOQT09

Конференция идентификаторы: 831 371 6923

Кіру коды:802233 

 

ҚҰРМЕТПЕН, ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫ!

 

Қосымша 1

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

 

Конференция бағдарламасына кіргізіп, жинағын дайындау үшін 2021 ЖЫЛДЫҢ

25 ҚАҢТАРЫНА ДЕЙІН толтырылған тіркелу формасын, 7-10 бетке дейінгі көлемдегі Microsoft Оffice Word (2003, 2007) арқылы терілген мақалаларыңызды«конференцияға» деген айдармен электронды нұсқасын (материал кері қайтарылмайды) ұйымдастыру алқасына жіберу қажет.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Бас оқу ғимараты 3, каб. 4-4, Қазақстан тарихы кафедрасы. Тел.: +7 (727)3773338 (вн. 12-86), 87023966606 – Маликов Бахытжан Усенұлы, e-mail: kafedra.kaz@gmail.com

Әр файлда тек бір мақала болуы керек, файлдың атауына автордың тегі жазылуы қажет (Мысалы: Sadykova Ainur_ conference)  

 

Баяндамалардырәсімдеугеқойылатынталаптар:

  • ·      шрифті Times New Roman, (12 pt); интервал – 1, жиектері: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см, сол – 3 см, оң – 1 см, абзац– 0,6 см.;
  • ·  жоғарғы жағында баяндама тақырыбы, 1 интервалдан кейін автордың аты-жөні, жұмыс орны, қаласы, тағы 1 интервалдан кейін мәтін
  • ·  суреттер (ақ-қара түсті) 300 dpi –ден кем емес JPEG, JPG форматында сканерленген болуы шарт
  • ·  Сілтеме тік төртбұрышты жақшамен мәтіннің соңында берілуі тиіс.

 

Жинаққа ұсынылатын материалдарыңыз қатаң редакцияланған, талапқа сай болуы тиіс. Баяндама мәтіні мен мазмұнына автор жауап береді. Мақаланы қабылдау, жариялау туралы шешімді Ұйымдастыру алқасы қабылдап, 3 күн мерзімнің ішінде электронды адреске жауаптарын жібереді. Конференция жинағы ұйымдастырушылар қаржысына шығарылады.

 

Конференцияға қатысушылардың жолы, қонақ үйі, тамағы конференцияға қатысушылардың тарапынан төленеді.

 

ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ

Тегі ______________________________________________________________

Аты______________________________________________________________

Әкесініңаты (толық)________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, лауазымы__________________________________________

Жұмысорны (елі, ұйымныңтолықатауы, кафедрасы)____________________

Байланыс телефондары, E-mail _______________________________________

Секция____________________________________________________________

Баяндаматақырыбы_________________________________________________

Мен:

¨     Секция отырысында баяндама жасаймын;

¨     Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;

¨ Сырттай қатысамын.

 

Өтетін орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих, археология және этнология факультеті,Ғылыми кеңес залы (404). Басталуы: сағ.11.00.


 

Ары қарай оқу >>

Білім арттыру курстары

15.01.2021

Тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Удербаева Сәуле Кәрібайқызы 2021 жылдың 11-15 қаңтары аралығында Нарксоз Университеті жанындағы Халықаралық білім берудің қысқы мектебіне қатысып, сертификат алды. Мектептің ұйымдастырушысы: «Нархоз Университеті» Ғылыми-зерттеу бөлімі. Мектеп спикерлері: Айгерим Раимжанова, Penny Mosavian, Miriam Schwiening, Ирина Александрова, Anjan Gosh, Инеш Кенжина, Әсет Кусаин, Дмитрий Ким, Нурахмет Айтенов, Рабига Кожамкул, Иван Зуенко және т.б.

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз! Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ. д., профессор, академик Б. Б. Кәрібаев мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері атанды.

25.12.2020

Құттықтаймыз! 2020 жылғы ғылым саласындағы атаулы сыйлықтарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №542 бұйрығына сәйкес Тарих, археология және этнология факультетінің, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор, академик Б.Б. Кәрібаев Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Б.Б. Кәрібаевті «TILEU-QABAQ» қоғамдық қоры конференцияның жоғары деңгейде өтуіне Алғыс хат жариялай отырып, «Ер Едіге» медальімен марапаттады.

04.12.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «TILEU-QABAQ» қоғамдық қоры2020 жылы 3желтоқсанда Алтын Орданың құрылуына 750 жыл толуына орай «Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Б.Б. Кәрібаевті «TILEU-QABAQ» қоғамдық қоры конференцияның жоғары деңгейде өтуіне Алғыс хат жариялай отырып, «Ер Едіге» медальімен марапаттады.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «TILEU-QABAQ» қоғамдық қорымен бірлесе отырып Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен 2020 жылы 3желтоқсанда Алтын Орданың құрылуына 750 жыл толуына орай «Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны» атты онлайн форматта республ

04.12.2020

«Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «TILEU-QABAQ» қоғамдық қорымен бірлесе отырып Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен 2020 жылы 3желтоқсанда Алтын Орданың құрылуына 750 жыл толуына орай «Ер Едігенің Алтын Орда тарихындағы орны» атты онлайн форматта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияда Ер Едігенің тарихи рөлі, сондай-ақ басқа да тұлғалардың қызметі мен Алтын Орда тарихына қосқан үлесі қарастырылып, тақырыпқа қатысты қазіргі кездегі концептуалдық көзқарастар талқыланды.

Конференция жұмысы пәнаралық синтез негізінде Алтын Ордадағы саяси қарым-қатынастар мен ондағы жекелеген тұлғалардың қызметін қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихына қосқан үлесі аспектісінде қарастыруға арналды. Сонымен қатар Еуразия құрлығындағы саяси, мәдени және әлеуметтік тарихты зерттеуге байланысты жүргізілген археологиялық ізденістердің негізінде жасалған тың тұжырымдар мен ғылыми жаңалықтар сарапталды.

 

Ары қарай оқу >>

Кафедра оқытушыларының халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуы.

03.12.2020

3-5 желтоқсан 2020 ж. Тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Удербаева С.К. профессор А.В.Ремневтің (Омбы қ.) 65 жылдығына арналған «Империя халқы - Адамдар империясы: Ресейдің азиялық шеткі аймақтарының жеке және институционалдық тарихы» атты Халықаралық ғылыми конференцияға қатысты және келесі тақырыпта баяндама жасады: «Көрнекі өмірбаяндық құжаттар - фотоальбомдар және фотография өмірбаяндық зерттеудің қайнар көзі ретінде».

Ары қарай оқу >>