Оқу-әдістемелік қызмет

Қазақстан тарихы кафедрасы Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңына, үкімет пен ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің қаулыларына, Университеттің ұзақ мерзімге арналған даму ережесіне, Университет пен факультеттің ғылыми Кеңестерінің шешімдеріне сәйкес Қазақстан тарихы мамандығы бойынша тарих факультетінің қазақ, орыс бөлімдерінде бакалаврлар, магистрлер және докторанттар даярлауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ кафедраның профессор-оқытушылық құрамы Университеттің гуманитарлық және техникалық факультеттерінің 1-курс студенттеріне Қазақстан тарихы бойынша дәріс оқып, семинар жұмыстарын өткізеді. Барлық оқытушылардың оқу үдерісі жұмыс бағдарламасы мен типтік бағдарламаға сай жүргізіледі. Оқытушылар өздерінің жұмыс бағдарламаларын жаңа талаптарға сәйкес үнемі жаңғыртып отырады.


Тарих факультетінде сондай-ақ кафедра оқытушылары сабақ беретін басқа факультеттерде оқу процесі типтік бағдарламалар негізінде жүргізіледі. Сондықтан кафедра уақыт талабына сай жаңа типтік бағдарламалар дайындап, шығарып отыруға ерекше назар аударады.


Кафедра оқытушылары оқу үдерісінде студенттердің білім деңгейін тексеруде жаңа әдістер қолданып жүр. Кафедра оқытушылыары өздерінің ғылыми жұмыстары барысында алған ғылыми нәтижелерін оқу процесінде белсенді түрде қолданады.


Кафедра оқытушылары мына төмендегі жалпы курстарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқиды: Қазақстан тарихы, Қазақстанның ежелгі тарихы, Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Қазақстанның орта ғасырлар тарихы, Жаңа заман тарихы және Қазақстан Республикасының тарихы.