Іс-шаралар күнтізбесі

«GREEN CAMPUS» – ДОСТЫҚТЫҢ ЖАҢА СИМВОЛЫ

22.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында университеттің игі бастамаларының бірі, «ҚазҰУ Green campus» атты жобасы аясында тарих, археология және этнология факультетінің 1 курс студенттері мен оқытушылары кампус айналасында көгаландыру жұмыстарын жүргізді.

Хаджеттепе университетінің (Туркия, Анкара қаласы) қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының докторы, «Atatürk İlkeleri ve İnkılap Tarihi» институты директорының орынбасары, танымал тарихшы, Евразия тарихы мен өркениеті тарихының білікті маманы Сейфы Йылдырыммен бірлесе атқарған жұмыс болды. Тарихшы ғалымның әуесқойлық ісі жастар тарапына өте қызықты әрі пайдалы болып, ҚазҰУ қалашығының №3 кампусын көгаландыру жұмыстарына Сейфы Йылдырым өзімен бірге Түркиядан алып келген гүл түптері мен тұқымдарын отырғызды. «Айнала жанданып, бүкіл қоршаған орта өсімдіктері жаңа кейіпке енетін мезгіл, бүкіл табиғат мезгілдерінен ең кереметі көктем деп айтсақ қателеспейміз. Гүл отырғызу мәдениетін үйрену қажет, ол ең алдымен өзіңнің жеріңе көрсетілген құрмет пен өзіңе сыйлаған көңіл-күй», - деп студенттерге жылы лебізін білдірді. Ал, студенттер болса өз алдына, жаңадан пайда болған достықтың ерекше символына айналған жаңа гүлзарға ерекше ықыласпен қарайтындықтарын жеткізді.

Ары қарай оқу >>

«Ұлы Жібек Жолы ізімен»

19.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да филология және әлем тілдері факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс, 3-топ  студенттерінің А. Ф. Қозыбақованың  жетекшілігімен «Ұлы Жібек Жолы ізімен»атты HD форматындағы онлайн-конференция өтті. Конференция барысында студенттер Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстандағы қалаларға сапар шегіп, сол заман мәдениетімен танысып қайтты.  Шетел азаматтарына дүниежүзілік аренадағы Қазақстанның рөлін тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы жетістіктерін айқындап,ұйымдарды мойындата білген Қазақстанымызды жоғарғы деңгейде көрсетті. Сонымен қатар, Кореяда  оқып жатқан шетел студенттеріне Қазақстан жайлы ақпарат бере отырып, керемет онлайн-конференцияның нағыз үлгісін көрсете білді. Шетел студенттері өз кезегінде ыстық лебіздерін, Қазақстанға деген ерекше қызығушылықтарын  білдіріп, студенттер мен Фатима апайымыздың конференция өткізудегі шеберліктерін жоғары деңгейде бағалап, Корея Республикасының терең тарихынан сыр шертіп, өздерінің университеттері жайлы мәліметтер келтіре кетті. Жаңа ақпаратпен танысқанына, онлайн-конференцияға шақырғанына  Фатима апайымыз бен студенттерге, ҚТӘ-103-топқа  ерекше алғыстарын білдірді. 

Ары қарай оқу >>

«Алтын Орда. Тарих, діл, экономика»

19.04.2019

Тарих, археология және этнология факультетінде «Алтын Орда. Тарих, діл, экономика» атты тарихи-танымдық кездесу шарасы өтті.

Дәрісті бизнес-тренер, тарихшы, зерттеуші А.А. Нұрмашев, «Рухани жаңғырту» және «Ұлы даланың жеті қыры»мақаласы аясында «Алтын Орда. Тарих, діл, экономика» атты тақырыпта Қазақ Ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің бірінші курс докторнаттары, магистранттары мен студенттері, филология және әлем тілдері факультетінің студенттері, сондай-ақ НАРХОЗ Университеті мен Каспий Университетінің докторанттарымен бірлесе отырып өкізді.

Дәріс барысында тарихи зерттеулердегі дәйектіліктің маңыздылығы туралы пікірталастар өткізілді, мысалы, Алтын Орданың тарихы мен этика, экономика мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Алтын Орданың қалыптасу тарихы және онымен байланысты этикалық және экономикалық фактілерге арналды.

Ары қарай оқу >>

«Ұлы даланың алтын жәдігері»

19.04.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қозыбакова Фатима Ақынбаевнаның жетекшілігімен филология және әлем тілдері факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс студенттері(102топ) "Ұлы даланың алтын жәдігерлері"атты онлайн конференция өткізген болатын! Бұл конференция тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры"атты мақаласы негізінде бастау алды!

Елімізді әлемге әйгілейтін АЛТЫН АДАМ жайлы түрлі ақпараттар айтылып қана қоймай, Индонезия, Прага,ҚХР елдерінің студенттері бізді онлайн түрде тамашалады!

Оларға еліміздің керемет жетістіктері мен ұлттық тағамдарын таныстырдық.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан әлемдік қауымдастықта»

17.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясының 1топ, 1-курс студенттерінің А. Ф. Қозыбакованың  жетекшілігімен "Қазақстан әлемдік қауымдастықта" атты HD форматындағы онлайн-конференция өтті. Конференция барысында студенттер Қарға тамырлы қазақ елінің дүниежүзілік ұйымдарға өзін мойындата білгені туралы сөз қозғап ,аса шеберлікпен көрсете білді. Дүниежүзілік аренадағы Қазақстанның рөлін Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы жетістіктерін айқындап,ұйымдарды мойындата білген Қазақстанымызды жоғарғы деңгейде көрсетті. Сонымен қатар,Малайзия.АҚШ,Түркия,Канадада оқып жатқан шетел студенттеріне Қазақстан жайлы ақпарат бере отырып,керемет онлайн-конференцияның нағыз үлгісін көрсете білді.Шетел студенттері өз кезегінде ыстық лебіздерін білдіріп ,студенттер мен Фатима апайымыздың конференция өткізудегі шеберліктерін жоғары деңгейде бағалап,оларды өз қалаларына қонақ болуға шақырды,жаңа ақпаратпен танысқанына Фатима апаймыз бен студенттерге ерекше алғысын білдірді. 

Ары қарай оқу >>

«Түркі мемлекетінің шығу тарихы»

17.04.2019

Тарих, археология және этнология ғылымдарының кандидаты, профессоры Фатима Ақынбайқызының және Филология және әлем тілдері факультеті «шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы 1-курс студенттерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» жобалары аясында  "Түркі мемлекетінің шығу тарихы"арналған тарихи-танымдық ғылыми-конференция ұйымдастырылды

Ары қарай оқу >>

Ұлы Даланың ұлы есімдері

17.04.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тінің филология және әлем тілдері факультеті,  Екі шет тілі мамандығының 1 курс студенттері т.ғ.к, профессор Қозыбакова Ф.А. ғылыми жетекшілігімен 103 топтың студенттерінің ұйымдастыруымен "Руxани жаңғыру'' және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламаларының аясында  өткен " Ұлы даланың ұлы есімдері

Ары қарай оқу >>

"Ұлы даланың ежелгі металлургиясы "

17.04.2019

Елбасымыз жариялаған "Ұлы даланың жеті қыры" аясында филология және әлем тілдері факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 101 топ студенттері А.Ф.Қозыбақованың жетекшілігімен "Ұлы даланың ежелгі металлургиясы " тақырыбында ғылыми-онлайн конференция өткізді. Басты мақсатымыз қазақ даласындағы ұлы байлықтарымызды дәріптеп, тариxымызға тереңінен шолу жасау. Жалпы металлургияның ежелгі даласы бұл әрине қазақ даласы. Еліміздің қаншама байлық көздерінен миллиондаған металл кеніштері алынып, пайдамызға жарап, күнделікті тұрмысқа қажетті заттар жасалуда. Қаншама мемлекеттерге тасымалданып, шикізат көзі ретінде қолданылуда.Бұл біз үшін үлкен мақтаныш.Металл қорлары жинақталған қазақ жерінде шетелдіктердің қызығушылығы артып, зерттеу жұмыстарын жүргізу назарларында жүр.Бұл конференция бізге көп нәрсені ғылыми тұрғыдан қарауға жол ашты.Ғылымға қадам басып, көп нәрсеге біршама үйретті.

Ары қарай оқу >>

«Өркениет өзегі-аң стилі»

17.04.2019

Әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология және әлем тілдері факультетінің ҚТӘ -104 тобының ұйымдастыруы, тарих ғылымдарының кондидаты, профессор Қозыбақова Ф.А жетекшілігімен тарих, археология және этнология факультеті Ғаббас Жұматов атындағы 426 –дәрісханада «Өркениет өзегі – аң стилі» тақырыбында ғылыми онлайн-конференция болып өтті. Конференция тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың 21 –қарашасында жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының негізінде, өткен ғасыр тарихын парақтап, аң стилі мәдениетінің өткені мен бүгіні, келешегі жайлы терең толғаныстар мен ізденістер аясында өткізілді. Конференциямыздың басты ерекшелігі шет елдік азаматтарға рухани құндылықтарымызды дәріптеу мақсатымен АҚШ- тың Луизиана штаты, Луизиана мемлекеттік университетінің студенттерімен тікелей байланысқа шығып, аң стилі жайында мәліметтер беріп, Қазақстан аумағындағы аң стилінің көрнекті орындары, музейлер, қорымдар, алтын адам сияқты ұлттық байлықтарымызбен таныстырдық. Жиын соңында екі ел студенттері өзара кері байланыс жасап, сұрақ-жауап алысты. Ғылыми конференциямыз тарих ғылымдарының докторы Ә.Н.Ноянұлының қорытынды сөзімен өз мәресіне жетті. Сайын даланың самғау шыңына жетуі – ғасырлар бойғы байлығымыз бен мұрамыз, мәдениетіміздің төл бесігі – аң стилін дәріптеуден басталады. Ұлттық құндылықтарымыздың мәртебесін өсіретін де, өшіретін де – бізбіз

Ары қарай оқу >>