Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті XX ғасыр басындағы Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай «Әлихан Бөкейханұлы – ХХ ғ. басындағы ұлт көсемі» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді.

25-қаз-21

Көрулер: 1400

25 қазан 2021 жылы сағат 11.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті XX ғасыр басындағы Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай «Әлихан Бөкейханұлы –ХХ ғ. басындағы ұлт көсемі» атты республикалық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде Әлихан Бөкейханұлының тарихи рөлі, сондай-ақ басқа да ұлт зиялыларының қызметі мен Алаш Орда тарихына қосқан үлесі қарастырылды және қазіргі кездегі концептуалдық көзқарастар талқыланды. Дөңгелек үстелдің жұмысына отандық тарих ғылымының танымал тұлғалары ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы, ҚР ҰҒА «Құрметті академигі», т.ғ.д., профессор Омарбеков Талас, ҚР ҒА мүше - корреспонденті, т.ғ.д., профессор Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Кабульдинов Зиябек Ермұханұлы, филология ғылымының докторы, профессор Ісмақова Айгүл, тарих факультетінің деканы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы, белгілі ақын Алмасбек Ахметбекұлы қатысты.