Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Ауған соғысының ардагері Болат Сайланның Франция мемлекетінің Қазақстан республикасындағы Бас консулы Алексис Шахтахтинский мен кездесуі

8-қыр-21

Көрулер: 1247

8 қыркүйек 2021 жылы АҚШ әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуына және елдегі ахуалдың шиеленісуіне байланысты Алматы қаласындағы Француз мемлекеті консульдығының ғимаратында «Ауғанстандағы ағымдағы жағдай қандай?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Бұл дөңгелек үстелге Франция мемлекетінің Қазақстан республикасындағы Бас консулы Алексис Шахтахтинский, елшілік хатшысы Яник Ролан, ынтымақтастық жұмыстарының уәкілі Назерке Қалынова және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Ауған соғысының ардагері Болат Сайлан қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты қазіргі жағдайдағы Ауғанстандағы ахуалды қалай тиімді жолмен шешуге болады. Сол мақсатта Ауған соғысының ардагері, Ауған соғысы туралы бірнеше кітаптар мен еңбектердің авторы Болат Сайланға Француз консульдығы тарапынан сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар алынды. Тарихшы әрі ардагер ғалым Ауған елінің өткені мен бүгіні туралы егжей-тегжей мәселелерге мән беріп, мардымды жауаптар беріп, консулдық тарапынан алғыс алып қайтты.