Іс-шаралар күнтізбесі

Әл-Фараби кітапханасында "Құтлық қаған жазуы - ғасыр жаңалығы" атты дөңгелек үстел өтті

03.09.2022

Бүгін әл-Фараби кітапханасында "Құтлық қаған жазуы - ғасыр жаңалығы" атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге университет профессорлары және Базылхан Нәпіл – Халықаралық Түркі академиясының ғылыми қызметкері, Алтангэрэлийн Энхтөр – Моңғолия Ғылым академиясы, Тарих, археология институты Ортағасырлық археологиялық зерттеу орталығының жетекшісі қатысты.

Іс-шара барысында Құтлық қаған кешенінің ашылуына байланысты ой-пікірлер айтылып, болашақ бірлескен археологиялық зерттеулер талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Диплом табыстау рәсімі!

05.07.2022

2022 жылдың 5 шілдесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.

Барлық түлектерді осы айтулы күнмен құттықтаймыз! Сіздерге алдағы уақытта табыс пен өркендеу тілейміз.

Құрметпен, тарих факультеті!

 

Ары қарай оқу >>

Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай “Ұлт мұратымен үндескен ұлы суреткер-Мұхтар Әуезов” атты университеттік шара өткізілді

15.04.2022

2022 жылдың сәуір айының 14-жұлдызында Филология факультетінде Тарих  факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Қозыбақова Фатима Ақынбайқызының  “Қазақ тілі мен әдебиеті” және “Әдебиеттану” топтарының ұйымдастыруымен Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай “Ұлт мұратымен үндескен ұлы суреткер-Мұхтар Әуезов” атты университеттік шара өткізілді. Жетекшісі :Қозыбақова Фатима Ақынбайқызы. Конференцияда ақынның өмір жолы, еңбек жолы, біз білмейтін ерекше қырлары айтылды. “Еңлік-Кебек” пьесасынан үзінді көрініс қойылып, ұлы суреткерге жас ақындар өз поэзиясынан арнау арнады. Шараға тарих факультетінің белгілі профессорлары қатысты. Шараның жоғарғы деңгейде өткені туралы сөз сөйлеп, студенттердің дайындығына риза болғандарын жеткізді. Шара барысында студенттер Мұхтар Әуезовтың өмір жолы мен шығармашылығын ерекше тәсілдер арқылы таныстырып өтті.Яғни,студенттердің әзірлеген жұмыстары реферат,схемалық жұмыс,картамен жұмыс түрінде көрсетілді әрі  қосымша деректері презентацияланып  берілді .Студенттер Мұхтар Әуезов жайында айтылған дүниежүзі ғалымдарының пікірлерінде ерекше атап көрсетті.Мұндай ерекшелік қатысушылар мен көрермендердің Мұхтар Әуезов өміріне тереңірек үңілуіне мүмкіндік берді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті «Мөнке би» қоғамдық қорының қолдауымен 2022 жылы 8 сәуір күні «Ұлы Дала кемеңгері» Мөңке би Тілеуұлы кітабының тұсаукесу рәсімін оффлайн және онлайн форматта өткізді

08.04.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті «Мөнке би» қоғамдық қорының қолдауымен 2022 жылы 8 сәуір күні «Ұлы Дала кемеңгері» Мөңке би Тілеуұлы кітабының тұсаукесу рәсімін оффлайн және онлайн форматта өткізді.

Тұсау кесер рәсімінің мақсаты Мөңке би Тілеуұлының (1675-1756 жж.) тарихи рөлін, сондай-ақ ХVIІ-ХVIII ғасырдағы Қазақстанның және Батыс өңірінің басқа да тарихи тұлғаларының қызметі мен тарихымызға қосқан үлесін зерттеу, тақырыпқа қатысты концептуалдық көзқарастарды талқылау болып табылады.

Іс-шара барысында пәнаралық синтез негізінде ХVIІ-ХVIII ғасырдағы жекелеген тұлғалардың қызметі арқылы олардың азаттық тарихына қосқан үлесі қарастырылды. Сонымен қатар Алты Алашқа танымал Мөңке бидің  әрі батыр, би-шешендігі мен халыққа беймәлім емшілік, күйшілік өнері тың ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұжырымдалды.

Дала кеменгері Мөңке бидің би болуымен қатар, ел басқарған рухани көсемдік қызметі қарастырылды.

Тұсау кесер рәсіміне отандық және шетелдік (Түркия Республикасының) жетекші тарихшы, филолог, қоғамтанушы ғалымдар мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Ары қарай оқу >>

Бүгін 70 жас мерейтойына орай, сонымен қатар Тарих факультетің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Смагулов Сабырхан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

01.04.2022

Бүгін 70 жас мерейтойына орай, сонымен қатар Тарих факультетің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Смагулов Сабырхан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында Қазақстан тарихы кафедрасы тағайындаған ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлының атындағы 100 000 теңге атаулы шәкіртақыны факультетіміздің оқуда озат, қоғамдық жұмыста белсенді 3 курс студенті ӨЗБЕК БЕКСҰЛТАН БЕР

25.03.2022

Студенттерді әлеуметтік қолдау мақсатында Қазақстан тарихы кафедрасы тағайындаған ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлының атындағы 100 000 теңге атаулы шәкіртақыны факультетіміздің оқуда озат, қоғамдық жұмыста белсенді 3 курс студенті ӨЗБЕК БЕКСҰЛТАН БЕРІКҰЛЫ иеленді. Құттықтаймыз!

Ары қарай оқу >>

«Қазақтың батыр қыздары» атты тақырыпта іс-шара – дөңгелек үстел өткізілді

18.03.2022

2022 ж. 18 наурыз күні 10.00-11.00 сағат аралығында филология факультеті 1-курс Шетел тілі: екі шет тілі мамандығы 104-тобы студенттерімен 1-6 аудиторияда «Қазақтың батыр қыздары» атты тақырыпта іс-шара – дөңгелек үстел өткізілді.

         Онда осы топ студенттері «Шығыстың қос шынары» Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова және Қазақстан Халық қаһарманы Хиуаз Доспанова туралы баяндамалар жасап, олардың өмірі мен Ұлы Отан соғысындағы ерен ерлігі туралы таныстырып өтті. Олар слайдтар мен басқа да көрнекі құралдар арқылы сүйемелденіп отырылды. Аудитория тарапынан сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінің аға оқытушысы С. Смағұлов тарапынан талқыланған мәселелер қорытындыланып, мазмұнды тұжырымдамалар жасалды. «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа үлгі» екендігі айтылды. Жастардың ел қорғауға әрқашан дайын болу керектігі, Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қорғау қажеттігі, өз елінің патриоты болу, еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін бағалай білу, оларды мақтаныш тұту қажеттігі мәселелері көтерілді.

Жоғарыдағы мәслелер бойынша баяндамалар жасап, талқылауға төмендегі студенттер белсене қатысты:

  1. Шалқарбай Лашын
  2. Ташмахамбет Балзия
  3. Жәнібекқызы Айкөркем
  4. Қонаева Аружан
  5. Тельманқызы Шұғыла
  6. Қурақ Мөлдір
  7. Қурақ Махаббат
  8. Тұрғын Ақбота 

 

Ары қарай оқу >>

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, өзінің саналы ғұмырын университетте өткізіп келе жатқан Қаражан Қуанышбек Сүлейменұлының еңбегі университет тарапынан жоғары бағаланып "әл-Фарабидің күміс медалімен" марапатталды. Құтты болсын, әрдайым биіктерде көріне б

11.03.2022

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, өзінің саналы ғұмырын университетте өткізіп келе жатқан Қаражан Қуанышбек Сүлейменұлының еңбегі университет тарапынан жоғары бағаланып "әл-Фарабидің күміс медалімен" марапатталды. Құтты болсын, әрдайым биіктерде көріне беріңіз!

Ары қарай оқу >>

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы құрамына мүше болып кіруінің 30 жылдығына арналған іс-шара өткізілді

03.03.2022

2022 жылы 3 наурыз күні 11.30-12.30 сағат аралығында Тарих факультетінің 422 аудиторияда 3-курс ғылыми тарих мамандығы 301-тобында, топ кураторы С. Смағұловтың жетекшілігімен Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы құрамына мүше болып кіруінің 30 жылдығына арналған іс-шара өткізілді. Бұл мәселе бойынша баяндаманы эдвайзерлік топтың кураторы С. Смағұловтың өзі жасады. Артынан аудитория тарапынан сұрақтар қойылып, пікір айтылып, талқыланды. Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайдағы бейбітшілікті сақтаудағы БҰҰ-ның маңызды рөліне ерекше көңіл бөлінді.

Ары қарай оқу >>