Тарих факультеті


Құрметті талапкерлер!

Тарих факультеті 70 жылдан астам уақыт бойы тарих саласындағы мамандарды даярлап келеді. Егер алғашқы жылдары факультетте 10-нан аса оқытушылар мен 300 студент оқыса, қазіргі таңда үш кафедра: Қазақстан тарихы, археология, этнология және музеология, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафе- дралары жұмыс істейді. Кафедраларда 125-ке жуық профессор-оқытушылар құрамы 800-ге жуық студент, магистранттар және докторанттарға заманауи талаптарға сай білім беру бағдарламалары бойын- ша білім беруде. Тарих факультеті шетелдік жоғары оқу орындарымен білім алмасуға мүмкіндік береді, қазіргі таңда 20- дан аса ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық қарым- қатынастар орнатылған.

Оқу үдерісімен қатар студенттер факультеттің ғылыми   жобаларын   жүзеге     асыруға   белсе- не қатысады. Факультетте Т.О. Омарбековтің, Қ.Т. Жұмағұловтың, Б.Б. Карибаевтың, В. Зайберттің, Қ.С. Қаражанның, Ж.Қ. Таймағамбетовтің, Қ.М. Атабаевтың, У.Х. Шәлекеновтің, Ә.Т. Төлеубаевтың, ғылыми мектептері қалыптасып, жұмыс істеуде. 

Факультет түлектері еліміздің орта, арнаулы және жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, мемлекеттік басқарма органдарында, мәдениет мекемелері мен ұйымдарында, халықаралық және ұлттық компанияларда, ұлттық қауіпсіздік саласында еңбек етуде. Білім беру үдерісінің негізгі бөлігі өндіріс орындарындағы тәжірибені құрайтындықтан, студенттердің ғылыми іс-тәжірибелерін өтеу мекемелерінде жұмысқа ор- наласу мүмкіндіктері де көп.

Құрметті жас түлек! Егер сен табысты мансап жолын құрып, өмірде жетістікке жетем десең ҚазҰУ- дың тарих факультетін таңда! 

 

 

Тарих факультетінің деканы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы