Іс-шаралар күнтізбесі

7М01602- тарих-география”мамандығының 1 курс магистранттары арасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 06.12.2022 жылы “Тәуелсіздік бәрінен қымбат!” атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

06.12.2022

7М01602- тарих-география”мамандығының 1 курс магистранттары арасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 06.12.2022 жылы “Тәуелсіздік бәрінен қымбат!” атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Топтың куратор-эдвайзері: Қозғамбаева Г.Б.

Ары қарай оқу >>

2022 жылдың 6 желтоқсан күні Тарих мамандығының 4 курс студенттері “Студенттік қызық мол жылдар” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

06.12.2022

Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу, белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.

Іс-шара барысында студенттер ән шырқап, оқытушыларға жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шараға ұйымдастырушы әрі бағыт беруші Қунапина Қайыркен апай, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Р.С. Мырзабекова және тарих факультеті деканының ОжТ жөніндегі орынбасары Ж.М. Терекбаева, топ кураторы А.О. Кошымова қатысты.

Ары қарай оқу >>

2022 жылы 28-қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының -150 жылдығына арналған «ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМДАРЫ» атты дөңгелек үстел өткізілді.

28.11.2022

Аталған шараға ҚазҰУ-дың тарих факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастар қатысты.

Дөңгелек үстелді ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Б.Б. Кәрібаев модератор ретінде кіріспе сөз алып: «Қазақтың ақыны, зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлының ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшілерінің бірі және Алаш-Орда өкіметінің мүшесі болғандығы», – жайында тоқталды.

Дөңгелек үстелге шақырылған қонағы ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Х. Әбжанов «Ахмет Байтұрсынұлының Ленинге хаты» атты баяндама жасады.

Дөңгелек үстелге шақырылған қадірлі қонақтардың қатарында Хаджеттепе университетінің профессоры, т.ғ.д., Мехмед Дервиш Клынычкая (Түркия) «Ахмет Байтұрсынұлының Қазақстанда жаңа ұлттық мемлекеттік идеясының қалыптасуына әсері» атты тақырыпта баяндама жасады.

Хажетеппе университетінен келген келесі қонағымыз – профессор Сейфы Иылдырым (Түркия) «Туркия мемлекетіндегі Алаш Орда және Ахмет Байтұрсынов тақырыбына қатысты зерттеулерге шолу» тақырыбында баяндама жасады.

Аталған шараға қатысушы профессорлық-оқытушы құрамы және магистранттар мен студенттер Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы жағынан танымдық тұрғыда тереңірек танысатындығы анық.

Ары қарай оқу >>

Бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен күрделі жөндеуден өткен №10 жатақхана қайта ашылып, студенттерге пайдалануға берілді.

15.11.2022

Кездесу барысында министр Саясат Нұрбек жаңарған жатақхана бөлмелерін аралап, студент жастармен пікірлесті.

Жөндеу кезінде ғимараттың сыртқы қасбеті жаңартылып, барлық бөлменің қабырғалары қайта әрленді. Есік-терезе ауыстырылып, әр секцияға заманауи душ кабиналары қойылды. Электр жүйесі қайта жүргізіліп, жарық беруші шамдар жаңадан орнатылды. Бұған қосымша, ғимараттың cу құбыры мен кәріз жүйесі монтаждалды.

Ары қарай оқу >>

1- курс студенттері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейі қызметкерлерімен кездесу өтті

12.11.2022

12- қараша, 2022 жылы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты У. М. Джолдыбаеваның ұйымдастыруымен География және табиғатты пайдалану факультетінің География, Метеорология, Тіршілік қауіпсіздігі мамандығы 1- курс студенттері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейі қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттер Қазақстан тарихына қатысты тың деректер мен мағлұматтармен таныстырылды.

Ары қарай оқу >>

Ұлттың ұлы ұстазы - Ахмет

01.11.2022

2022 жылдың қараша айының 1-жұлдызында Математика факультетінде Тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Қозыбақова Фатима Ақынбайқызының "Математика" топтарының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай "Ұлттың ұлы ұстазы-Ахмет" атты университеттік шара өткізілді. Жетекші: Қозыбақова Фатима Ақынбайқызы.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Искакова Ғалия Зейділдәқызы ғылыми жобаларымен әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер бағыты бойынша гранттық қаржыландыруды ұтып алды!!!

21.10.2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым», постдокторанттардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған байқау жариялаған болатын. Аталмыш байқау нәтижесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультетінің жас ғалымдары: Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Искакова Ғалия Зейділдәқызы ғылыми жобаларымен әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер бағыты бойынша гранттық қаржыландыруды ұтып алды!!!

Факультетіміздің Жас ғалымдарын қол жеткізген жетістіктерімен құттықтаймыз!!! Болашақта жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілер қатары көбейе беруіне тілек білдіреміз!!!

Ары қарай оқу >>

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстандық филиалының профессоры, т.ғ.д. Оразбаева Алтайы Иранбекқызының «ЗАМАН. ҚОҒАМ. ТАРИХШЫ» атты КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІСІ

14.10.2022

2022 жылдың 14-қазан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен «Заман. Қоғам. Тарихшы» атты Көшбасшылық дәріс өтті. Дәрісті М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстандық филиалының профессоры, т.ғ.д. Оразбаева Алтайы Иранбекқызы оқыды.

Дәріске Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., қауымдастырылған профессор Д.С.Байгунаков, факультеттің профессор-оқытушы құрамы, докторанттар мен магистранттар, студенттер қатысты.

Дәріс барысында танымал ғалым А.И. Оразбаева бүгінгі қоғамдағы тарихшы бейнесін, оның ғылыми орнын нақтылай келе өзінің ғылымға келудегі өмір жолын, ғылыми еңбектері мен зерттеулерін жас ғалымдарға танысытырып, жүргізіп жатқан ғылыми бағыттары туралы ойларын ортаға салды. Ғалымның көп жылғы ғылыми- зерттеу нәтижелері бойынша жарыққа шыққан еңбектерінде көтерілген мәселелер талқыланды.

Тарих факультінің ұжымы Алтайы Иранбекқызына алдағы ғылыми ізденістер жолында қажымас қайрат тілей отырып, факультет түлегі ретіндегі аса қамқорлығына алғысын білдіреді.

Ары қарай оқу >>

«6В02205 – ТАРИХ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЛІСІМ ШАРТ ЖАСАЛДЫ.

22.09.2022

Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., академик Берекет Бақытжанұлы Карибаев және Алматы қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Ермек Серікұлы Пайзов арасында тарихи білім, ғылыми-зерттеу бағытындағы мәселелер талқыланды.

Алдағы жылдарға өзара серіктестікке және студенттердің өндірістік тәжірибеден өту туралы келісімге қол қойылды.

НЗМ–нің тарпынан әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жанна Дюсембаевна Айтбаева, тарих факультетінің түлегі, Меруерт Сейлбекова тарпынан оқушылар үшін тарих пәні бойынша танымдық шраларды ортақ өткізу ұсынылды.

Тарих факультетінің 4 курс студенттері НЗМ ғимаратымен танысып, орта білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтарды көріп қайтты.

Ары қарай оқу >>