М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстандық филиалының профессоры, т.ғ.д. Оразбаева Алтайы Иранбекқызының «ЗАМАН. ҚОҒАМ. ТАРИХШЫ» атты КӨШБАСШЫЛЫҚ ДӘРІСІ

14.10.2022

Көрулер: 481

2022 жылдың 14-қазан күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен «Заман. Қоғам. Тарихшы» атты Көшбасшылық дәріс өтті. Дәрісті М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстандық филиалының профессоры, т.ғ.д. Оразбаева Алтайы Иранбекқызы оқыды.

Дәріске Тарих факультетінің деканы, т.ғ.д., қауымдастырылған профессор Д.С.Байгунаков, факультеттің профессор-оқытушы құрамы, докторанттар мен магистранттар, студенттер қатысты.

Дәріс барысында танымал ғалым А.И. Оразбаева бүгінгі қоғамдағы тарихшы бейнесін, оның ғылыми орнын нақтылай келе өзінің ғылымға келудегі өмір жолын, ғылыми еңбектері мен зерттеулерін жас ғалымдарға танысытырып, жүргізіп жатқан ғылыми бағыттары туралы ойларын ортаға салды. Ғалымның көп жылғы ғылыми- зерттеу нәтижелері бойынша жарыққа шыққан еңбектерінде көтерілген мәселелер талқыланды.

Тарих факультінің ұжымы Алтайы Иранбекқызына алдағы ғылыми ізденістер жолында қажымас қайрат тілей отырып, факультет түлегі ретіндегі аса қамқорлығына алғысын білдіреді.