Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Искакова Ғалия Зейділдәқызы ғылыми жобаларымен әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер бағыты бойынша гранттық қаржыландыруды ұтып алды!!!

21.10.2022

Көрулер: 418

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым», постдокторанттардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған байқау жариялаған болатын. Аталмыш байқау нәтижесінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультетінің жас ғалымдары: Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Искакова Ғалия Зейділдәқызы ғылыми жобаларымен әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер бағыты бойынша гранттық қаржыландыруды ұтып алды!!!

Факультетіміздің Жас ғалымдарын қол жеткізген жетістіктерімен құттықтаймыз!!! Болашақта жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілер қатары көбейе беруіне тілек білдіреміз!!!