2022 жылы 28-қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының -150 жылдығына арналған «ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ТАҒЫЛЫМДАРЫ» атты дөңгелек үстел өткізілді.

28.11.2022

Көрулер: 415

Аталған шараға ҚазҰУ-дың тарих факультетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастар қатысты.

Дөңгелек үстелді ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Б.Б. Кәрібаев модератор ретінде кіріспе сөз алып: «Қазақтың ақыны, зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлының ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшілерінің бірі және Алаш-Орда өкіметінің мүшесі болғандығы», – жайында тоқталды.

Дөңгелек үстелге шақырылған қонағы ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Х. Әбжанов «Ахмет Байтұрсынұлының Ленинге хаты» атты баяндама жасады.

Дөңгелек үстелге шақырылған қадірлі қонақтардың қатарында Хаджеттепе университетінің профессоры, т.ғ.д., Мехмед Дервиш Клынычкая (Түркия) «Ахмет Байтұрсынұлының Қазақстанда жаңа ұлттық мемлекеттік идеясының қалыптасуына әсері» атты тақырыпта баяндама жасады.

Хажетеппе университетінен келген келесі қонағымыз – профессор Сейфы Иылдырым (Түркия) «Туркия мемлекетіндегі Алаш Орда және Ахмет Байтұрсынов тақырыбына қатысты зерттеулерге шолу» тақырыбында баяндама жасады.

Аталған шараға қатысушы профессорлық-оқытушы құрамы және магистранттар мен студенттер Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы жағынан танымдық тұрғыда тереңірек танысатындығы анық.