2022 жылдың 6 желтоқсан күні Тарих мамандығының 4 курс студенттері “Студенттік қызық мол жылдар” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

06.12.2022

Көрулер: 399

Тәрбие сағатының мақсаты: студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу, белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.

Іс-шара барысында студенттер ән шырқап, оқытушыларға жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шараға ұйымдастырушы әрі бағыт беруші Қунапина Қайыркен апай, Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Р.С. Мырзабекова және тарих факультеті деканының ОжТ жөніндегі орынбасары Ж.М. Терекбаева, топ кураторы А.О. Кошымова қатысты.