«YESSENOV LAUNCH PAD-2024» БАЙҚАУЫ!

10.05.2024

Көрулер: 494

Shakhmardan Yessenov Foundation hard skills және/немесе soft skills дағдыларын дамытуға арналған 10 грант байқауын  жариялайды.  ЕГЕР СЕН:
* ҚР азаматы болсаң;* Қазақстандық ЖОО студенті немесе ағымдағы маман/қызметкер болсаң;* Cенің мамандығың – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану, математика және статистика, денсаулық сақтау саласында болса;* Өзіңнің soft және/немесе hard skills дағдыларыңды дамытқың келсе.Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП АЛЫП, ұзақтығы 12 айға дейінгі онлайн/офлайн оқудан өтуге мүмкіндігің бар!
Грант сомасы 600 000 теңгені құрайды!
Бұл үшін 2024ж. 15 сәуірден бастап 16 мамырға дейін төмендегі онлайн-өтінімді толтырып, келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
Міндетті құжаттар:* жеке куәліктің сканы;* Неліктен оған қосымша дағдылар қажет екенін, олардың кәсіби және жеке өміріне қалай әсер ететінін түсіндіруі керек эссе;* CV.Қосымша құжаттар:* Үміткердің жетістіктерін және/немесе бағдарлама Ережесінің 3.1. тармағына сәйкес нақты саладағы мүдделерін білдіретін Портфолио және тиісті растауды ұсыну: – 3 құжаттан артық емес;* Ұсыным – 1 құжаттан артық емес;* Академиялық жетістіктер, зерттеу және/немесе инжинирингтік қызметтегі жетістіктер, түрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға қатысқандары үшін сертификаттар – 3 құжаттан артық емес*;* Жеке немесе ұжымдық жарияланымдар – 2 құжаттан артық емес;* Диплом, болған жағдайда (соңғы оқу орны) – 1 құжаттан артық емес;* Әлеуметтік белсенділік және еріктілік сертификаттары – 2 сертификаттан артық емес* * Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырада. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

Положение программы (1)___1713247983.144184.pdf