ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ДАЙЫНДАУ БАСТЫ МІНДЕТ

15.03.2024

Көрулер: 128

“Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу” деген халқымызда кереметтей сөз бар. Осы мақсатта факультет магистранттарымен, докторанттарымен бірге факультет ұстаздарының басшылығымен семинарлар өткізіліп тұрады. Досмағұлова Қарлығаш пен Шәкір Айдостың ұйымдастыруымен 11 наурыз күні өткен семинарда Артыкбаева Жанар “Сингулярлы ауытқыған теңдеулер үшін шеттік есептер шешімдерінің асимптотикалық сипаты”, Даулетбай Бекарыс “Лаплас операторының дельта-бейнелі ауытқулары және олардың спектрлік анализі”, Искаков Алибек “Примитив рекурсивті көшірулер” атты баяндамаларымен таныстырды. Сонымен қатар, Кангужин Балтабек ағай мен Қошанов Бақытбек ағайлардың семинары да кезекті өтуде.