ERASMUS+ «619011-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-JP КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ЖАҒАЛАУДАҒЫ ЭКОЖҮЙЕЛЕРДІ БЕЙІМДЕУ ҮШІН ГЕОКЕҢІСТІКТІК ИНЖЕНЕРИЯ БОЙЫНША ЖАҢА КУРСТАР» (GEOCLIC) ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ СЕРІКТЕС ЕЛДЕР ҮШІН ОНЛАЙН - МАСТЕР-КЛАСС ЖӘНЕ GEOCLIC ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫ ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ЖОБА КОНСОРЦИУМ

14.01.2024

Көрулер: 222

Аталған іс-шарада жобаның келесі елдерінің серіктестері мастер-класс өткізді: Литва – Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университеті; Нидерланды – Твенте университеті, Геоинформатика және Жерді бақылау факультеті. Сондай-ақ, жобаға Германия – EXOLAUNCH GmbH компаниясы; Румыния – Констанца теңіз университеті; Әзербайжан – Баку мемлекеттік университеті, Әзірбайжан Ұлттық авиация академиясы, Әзірбайжан сәулет-құрылыс университеті, Мингячевир мемлекеттік университеті, Халықаралық экоэнергетика академиясы; Түркіменстан – С.А. Ниязов атындағы Түркмен ауыл шаруашылық университеті, Магтумгули атындағы Түрікмен мемлекеттік университеті, Халықаралық гуманитарлық ғылымдар және даму университеті; Қазақстан – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженерия университеті, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университеті, елдерінен оқытушылар мен серіктестер қатысты.

Бұл мастер-класстың мақсаты ТМД елдерінің оқытушыларын еуропалық әріптестер әзірлеген жаңа курстарға оқыту, оларды оқу процесіне одан әрі енгізу болып табылады.

Осы іс-шара аясында жоба әріптестеріне ҚазҰУ ЖҚЗ орталығының жұмысы көрсетілді. Сондай-ақ, кейбір серіктестер ҚазҰУ-мен университеттер арасында меморандумға қол қойды.

Соңғы кездесуде консорциум жобаны іске асырудың қорытындысын шығарды.