ҚазҰУ-дың 10 үздік жас ғалымы

04.01.2024

Көрулер: 281

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 350-ге жуық жас ғалым жұмыс істейді. 2023 жылы ғылым саласында оқ бойы озық болып, үздік деп танылған 10 жас ғалым анықталды. Соның бірі механика-математика факультетінің PhD, аға оқытушысы Құдайбергенов А.К. атанды. 

    Асхат Құдайбергенов – Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының ғылыми қызметкері, аға оқытушы. Зерттеу саласы: деформацияланатын орталардың сызықты емес механикасы, сызықты емес динамикалық жүйелердің қолданбалы есептерін модельдеу, олардың тұрақтылығын талдау, әртүрлі жүктеме жағдайында серпімді ортадағы толқындық динамика есептерін асимптотикалық шешу. 2013 жылы «Ғылым әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясында І дәрежелі дипломмен марапатталған. ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымдарының бірі.