АИТВ: Фактілер, аңыздар мен алдын алу

06.12.2023

Көрулер: 361

    Механика-математика факультетінде TIMES HIGHER EDUCATION IMPACT RANKINGS (17 ЦУР) рейтингінің «Салауатты өмір салты және игілік» атты 3-пунктіне сәйкес факультеттің 3 курс студенттері мен куратор-эдвайзерлері үшін «АИТВ: Фактілер, аңыздар мен алдын алу» атты дәріс ұйымдастырды. Оны жақсы әдістемелік деңгейде Roger's Pharma фармацевтикалық компаниясының менеджерлері Айтбаев Руслан мен Альбергенова Лаура және ЖИТС (Жұқтырған иммундық тапшылық синдромы) орталығының өкілі, эпидемиолог Айнур Нургабидоллақызы өткізді. Шараға «актуарлы математика», «математикалық және компьютерлік моделдеу», «есептеу ғылымдары және статистика» мамандықтарыбойынша білім алып жатқан 115 студент қатысты.

                       

    Алдымен дәріскерлер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСУ) терминдеріне сәйкес АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) және ЖИТС анықтамаларын берді. Студенттер АИТВ-инфекциясының не екенін, сондай-ақ, ЖИТС-тің АИТВ-инфекциясының ақырғы (терминалдық) кезеңі екенін және ЖИТС құрбандарын өлімге алып келетін иммундық тапшылық вирусының өзі емес, осы инфекциялар екенін түсінді.

   Дәріскерлер әрі қарай, бірін бірі ауыстыра және толықтыра отырып, АИТВ-ның негізгі таралу жолдары мен оның қандай жағдайда жұқпайтынын айтты. АИТВ-дан қорғану тәсілдері мен құралдары туралы мәлімет алған студенттер тек өздерінің немесе жаңа жеке гигиена заттарын қолдану қажеттілігін жақсы түсініп, АИТВ таралуының алдын алу әдістерін пайдалануды ұйғарды.

   Шара практикалық маңызға да ие болды – тыңдаушылар производства америкалық жұқпалы сыни ауруларды анықтау үшін диагностикалық құрылғылар жасау саласының көшбасшысы OraSure Technologies компаниясының өнімі – OraQuick HIV Self-Test экспресс-тестін де өтті.

   Барлық қатысушыларға OraQuick HIV Self-Test жиынтығы қатты ұнады – ол сілекей арқылы АИТВ анықтаудың шұғыл және дәл тестері, өз АИТВ-мәртебеңді анықтаудың ең қарапайым, ауыртпайтын және ыңғайлы тәсілі. Ол қан алуды талап етпейді, жұқтыру қаупі төмен. Небәрі 20 минут уақыт алады, тестің шынайылығы 99.9%, ДДСУ мақұлдаған және сертификаты бар.