Студенттер "Жусан иісі" спектаклін тамашалады

06.12.2023

Көрулер: 345

     2023 жылғы 21 қараша күні  «математика» мамандығының 1-2 курсында оқитын 50 студентімен бірге Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасы бойынша сахналанған қойылымды көріп қайттық. Мектеп оқулықтарына енген, студенттерге жақсы таныс шығармаға негізделген тамаша қойылым болды!  

                     

     Соғыс кезіндегі ауыл тұрмыс-тіршілігі бейнеленген спектаклді көре отырып, бүгінгі ұрпақ бейбіт күнде өткен балалық шағына барып қайтқандай болды. Студенттерді бастап барған біздер – куратор-ұстаздар да ауылға деген сағыныш сезімімізді басып, театрдан тазарып қайттық.