ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ ПОСТДОКТОРАНТЫ, ПРОФЕССОР ҚЫЗМЕТІН АТҚАРУШЫ БЕЛЯЕВ Е.К. ШЕТЕЛДІК КОНФЕРЕНЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСТЫ

18.07.2023

Көрулер: 636

        Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасының постдокторанты, профессор қызметін атқарушы Беляев Е.К. “Journal of Thermal Analysis and Calorimetry” журналының 3-ші конференциясына және Чехия-Мажарстан-Польша-Словакияның термиялық талдау бойынша 9-шы бірлескен V4 конференциясына (Термоаналитикалық конференция https://akcongress.com/jtacc/) қатысты.

                           

       «Thermal performance analysis of a heat pump assisted regenerative solar still» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Конференция 2023 жылғы 20-23 маусымда Мажарстанның Балатонфюред қаласында өтті. Постдокторант Беляев Е.К. Үндістан ғалымдарымен және Қазақстанның Есенов атындағы университетімен бірлескен жұмыс нәтижелерімен таныстырды.