Механика-математика факультетінің оқытушылары Geoclic жобасының аясында Әзірбайжанға барды

31.05.2023

Көрулер: 585

     Мамыр айының 22-24 күндері аралығында механика-математика факультетінің оқытушылары Досжан Н.С., Ногайбаева М.О., Сахаева А.К. Geoclic жобасының аясында Әзірбайжан (Баку) мемлекетінің Ұлттық авиация академиясына іссапармен барып, ЖОО-ның оқытушы-профессорлық құрамының Ұлттық үйлестіру кеңесіне қатысты. Баку қаласында Geoclic жобасының әріптес елдері бас қосып, ұйымдастырылған кездесуде атқарылып жатқан жұмыс барысы талқыланды.