«Үздік халықаралық журналдарда қалай жариялануға болады?» үш француз ғалымының тәжірибесі

26.04.2023

Көрулер: 642

      25.04.2023 ж. әл-Фараби атындағы кітапхананың конференция залында үш француз ғалымы: Реймс Шампань-Арденны университетінің халықаралық қатынас жөніндегі вице-президенті Ессаид Айт Барка, Гавр университетінің вице-президенті Димитри Лефебвр және Лотарингия университетінің қауымдастырылған профессоры Оливье Ботелла «Үздік халықаралық журналдарда қалай жариялануға болады?» атты тақырыпта воркшоп өткізді.

                                   

     Профессорлар өз тәжірибелерімен бөлісіп, халықаралық үздік журналдарда ғылыми еңбектерді жариялаудың жолдарын түсіндірді. Аталмыш тақырыптағы воркшопқа механика-математика, ақпараттық технологиялар, химия және химиялық технологиялар, биология және биотехнология, физика-техникалық факультеттерінің докторанттары мен магистранттары қатысып, профессорлардың дәрісін тыңдады. Қатысушылар белсенділік танытып, шет елдік профессорларға аталмыш тақырыпқа қатысты өз сұрақтарын қойды.