"INTERNATIONAL SATBAYEV CONFERENCE 2023" (СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ-2023) АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

17.04.2023

Көрулер: 726

 

 

2023 жылдың 12 сәуірінде Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде (Satbayev University) "International Satbayev Conference 2023" (Сәтбаев оқулары-2023) атты халықаралық конференциясы өткізілді. 2023 жылдың басты тақырыбы "Ғылым және технологиялар: идеядан өндіріске ендіруге дейін".

Өткізілген орны: Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 22, Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ (Satbayev University)


Конференцияның жұмысы келесі ғылыми бағыттарда жүргізілді: 

1.  Қазақстанның ТМК дамытудың ғылыми-инновациялық тұжырымдамасы;

2.  Жаңа кезеңде негізгі секторларды трансформациялаудың қиындықтары мен мүмкіндіктері;

3.  Машина жасау және энергетика саласындағы инновациялық даму тенденциялары;

4.  Компьютерлік ғылымдар, инженерия және ақпараттық технологиялар: теориядан қолданбаларға өту;

5.  Азаматтық және көлік құрылыстарын салуда инновациялық технологияларды игеру және енгізу;

6.  Әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдарды дамытудың заманауи тенденциялары.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультеті «Механика» кафедрасының 4 курс студенттері Абдидин А.Н. мен Момыш Н.Б. аталған конференцияның « Машина жасау және энергетика саласындағы инновациялық даму тенденциялары» бөліміне қатысып, 2-орын иеленді.