Студенттік-бизнес инкубатор (СБИ) атты бизнес жобалар жарысының жеңімпазы

08.04.2023

Көрулер: 529

 

 

Студенттік-бизнес инкубатор (СБИ) атты бизнес жобалар жарысына механика – математика факультеті механика кафедрасы робототехникалық жүйелер мамандығының 2-курс магистранты Әзіл Заманбек «Temirqanat» бизнес проектісімен қатысып, 3 орынды иеленді.

 

Temirqanat жобасы – робот жасауды үйренемін деген оқушыларға, студенттерге және робот жасауды үйретемін деуші мұғалімдергеде арналған проект.

 

Басқа робототехника курстарынан артықшылығы:

 

  • ·        қол жетімділігінде (Arduino жинағы)
  • ·        құндылығында (әр сабақ сайын өмірде қолданатын техникалар жасайды)
  • ·        қазақ тілінде және дайын видео сабақтар (авторлық методика)

 

Жобаның жұмыс жасап жатқанына бір жарым жылдан асты. Қазіргі таңда жүзден астам шәкірт дайындаған «Temirqanat» жобасында Қазақстаннан тыс Бостон университетінің студенттеріде қатысып білім алуда.