Механика-математика факультетіне Пуатье университетінің профессорлық-оқытушы құрамы келді

14.04.2023

Көрулер: 486

     11.04.2023ж. механика-математика факультетіне Францияның Пуатье университетінен математика факультетінің халықаралық байланыс бөлімінің меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Фарида Енкеева, математика кафедрасының меңгерушісі Жюльен Мишель, халықаралық экономика факультетінің басшысы, қауымдастырылған профессор Филлип Роджон келді. 

                             

     Келген қонақтарға механика-математика факультетінің жалпы жұмысы, кафедралары, білім беру бағдарламалары, ғылыми жұмыстары және жетістіктері таныстырылды. Сонымен қатар, екі университет арасындағы бірлескен білім беру бағдарламалары, қос диплом және ERASMUS бағдарламасы талқыланды.