Механика-математика факультетінің оқытушылары «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» байқауының жеңімпазы атанды

13.04.2023

Көрулер: 538

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым апталығы аясында ұйымдастырылған ІI халықаралық Фараби форумының жұмысы қорытындыланды.

     Механика-математика факультетінің оқытушылары Кудайбергенов Аскат (математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедрасының PhD докторы) және Досмағұлова Қарлығаш (математика кафедрасының оқытушысы) «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» байқауының жеңімпаздары атанды. Форум қорытындысы бойынша «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» байқауының 16 жеңімпазына диплом мен 100 мың теңгелік сертификаттар тапсырылды. Жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен кәсіби өрлеуді тілейміз!