«Total Eren» компаниясының өкілдеріне механика-математика факультетінің жұмысы таныстырылды

29.03.2023

Көрулер: 638

    17 наурызда «Total Eren» компаниясының өкілдері механика-математика факультетіне келіп, факультеттің лабораторияларымен, дерек өңдеу орталығымен және білім беру бағдарламаларымен танысты.

                                         

       TOTAL Eren - француз компаниясы, әлемдегі жаңартылатын энергетика саласындағы көшбасшылардың бірі. Компанияның іске асырылған инвестициялық жобаларының портфеліне жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру бойынша белгіленген қуаттылығы 2400 МВт-тан астам, сондай-ақ әзірлеу сатысында қуаттылығы 2000 МВт-тан астам кіреді.

    Компания өкілдеріне механика-математика факультетінің «Робототехника», «Механика және сұйық газдар» лабораториялары және 131 кабинеттегі «Каскадты күн жылу сорғысын орнату» таныстырылды.

     Сонымен қатар білім беру бағдарламалары, білім алушылардың тағылымдамадан өту бағдарламалары, ғылыми журналдардағы жариялынымдар, бакалавр мен магистранттардың дипломдық жұмыстары мен диссертацияларының тақырыптары жайлы талқыланылды.