АЛМАТЫДА РЕСТАВРАЦИЯ ЖӘНЕ КОНСЕРВАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

09.02.2023

Көрулер: 620

 

     Бүгін Алматыда Ғылым ордасында «Реставрация және консервация орталығы» ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.
    Ғылыми орталықтың елімізде  аналогы жоқ, ол Германия, Италия, Ресей, Қытай, Жапония елдерінен жинақталған 65 заманауи құрал-жабдығымен қамтамасыз етілген.
    Орталық бес бөлімнен тұрады: химиялық лаборатория, реставрациялық бөлім, түптеу және карантин бөлімі, ғылыми-зерттеу, фотофиксация бөлімдері. Аталмыш бөлімдерде қағаз және өзге де материалдардың құрылымына, сия ерекшеліктеріне химиялық-микробиологиялық зерттеу жүргізу, кітаптар мен құжаттарды сақтауға арналған қышқылсыз картоннан жасалған микроклиматтық қораптарды жасау жұмыстары жүргізіледі.
    Іс-шарада министр Саясат Нұрбек орталықтың маңыздылығы мен ғылым саласына қосар үлесін атап өтті.
   «Кез-келген дамыған қоғамның басым бағыттарының бірі – білімді сақтап қалу. Бүгін Қазақстанда бірінші рет толық циклды, яғни кітапты өңдеп, тазалап, бес деңгейден өткізіп, мұқабасына дейін жасап шығаратын орталық ашылып отыр. Бұл орталықтың ғылым-білім саласына қосар үлесі зор. Сонымен қатар қазіргі таңда кадр дайындау мәселелерін де қарастырып жатырмыз», - деді министр өз сөзінде.

    Толық ақпарат: https://www.facebook.com/watch/?v=908870337207363