Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды

31.01.2023

Көрулер: 932

     25.01.2023 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың №115 жарлығымен ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесі құрылды. Ұлттық кеңестің құрамына мүше болып механика-математика факультетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы, Қалтаев Айдархан Жүсіпбекұлы қабылданды.

    Кеңестің негізгі міндеттері:

1) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басымдықтарды айқындау, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, оның ішінде жұмыс істеп тұрған Қазақстан Республикасы ғылым академияларының қызметін дамыту жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;

2) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылу тиімділігін талдау;

3) мемлекеттің ғылымға және ғылыми-техникалық қызметке қатысты саясатының өзге де маңызды мәселелерін талқылау болып табылады.