Механика және математика факультетінің 2 курс магистранттары , қос дипломдық бағдарламалар аясында француз университеттерінде оқуын жалғастыру үшін Абай-Верн стипендиясын жеңіп алды.

01.09.2021

Көрулер: 1620

«Математика (URSA, Франция)» мамандығының магистранттары, Әбдібекова Анель, Абдираман Айзат, Даярбек Ернар, Касымова Сымбат, Нарымбаева Жұлдыз, Райымбаева Аяужан Реймс қаласындағы  Реймс Шампань Арденна университетінің  екі деңгейлі жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырады.

«Механика және энергетика (UL, Франция)» мамандығының магистранттары, Абдуллаева Динара, Амангелді Азат, Иманбай Мейіржан, Узбекалиев Кенбай Лоррейн университетінде, Нэнсиде оқуларын жалғастырады. Олар Geo-Energy бағдарламасының академиялық алмасуының 10 жылдық дәстүрін жалғастыратын болады.

Механика -математика факультеті магистранттарды құттықтайды және оларға сәттілік тілейді !!!