«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТТІ

12.04.2021

Көрулер: 745

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінде жас ғалымдар мен студенттердің «Фараби әлемі» конференциясы онлайн режимде өтті.

 

6-8 сәуір аралығында өткен конференция аясында "Дифференциалдық теңдеулер және олардың қосымшалары", "Функциялар теориясы, алгебра және логика", "Тұтас орта механикасы", "Теориялық және қолданбалы механика", "Ғарыштық техника және технологиялар", "Актуарлық математика және статистика", "Математикалық модельдеу және есептеу математикасы" секциялары жұмыс істеп, барлығы 150-ден астам адам қатысты.

 

Жас ғалымдардың баяндамалары қазіргі таңда өзекті болып табылатын қайта жаңаратын механика, робототехникалық жүйелер, ғарыш аппараттарын және оның құраушыларын жобалау,  математикалық моделдеу және іргелі, актуарлық және есептеуіш математика тақырыптарын қамтыды.

 

Үздік баяндама жасаған студенттер Дипломдар және арнайы Грамоталармен марапатталды.

Төменде пленарлық отырыстың жеңімпаздарына арналған дипломдар келтірілген: