On-line режимдегі педагогикалық практика

15.02.2021

Көрулер: 1677

 

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика – математика факультетіндегі механика мамандығының 4-курс студенттері оқу жоспарына сәйкес 18.01.2021-06.02.2021 аралығында «Республикалық физика-математика мектебінде» педагогикалық практикадан өтті.  

 

Мамандықтарына сәйкес 52 студент - практикант «Математика» және «Физика» кафедраларына бөлінді. Әр студет осы екі пәннің бірін таңдап, алдымен сол пәннен онлайн режимдегі сабақтарға қатысты, кейін өздері де онлайн режимде сабақтар жүргізді.

 

Төрт аптаға созылған педагогикалық практика барысында жетекшілік еткен Республикалық физика-математика мектебінің тәжірибелі ұстаздары студенттерге ұстаздықтың сырын меңгертті. Механика кафедрасы тарапынан педагогикалық практикаға ф.м.ғ.к., доцент А.К. Тулепбергенов жетекшілік етті.

 

Он-лайн практика сәтті өтті!