ЕРЖАН БЕЛЯЕВ - МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ПОСТДОКЫ

01.02.2021

Көрулер: 1882

 

 

PhD, механика кафедрасының доценті Беляев Ержан Келесұлы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика кафедрасының алғашқы постдокы атанды.

 

Постдокторант (постдок) - постдокторантураға түскен адам. Постдокторантура - бұл жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің бір түрі, PhD дәрежесі бар ғалымның арнайы тақырып бойынша орындайтын, ғылыми-қолданбалы мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу іс-шараларының кешені болып табылады. Әлемдік тәжірибеде постдокторантура институты жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлаудың тиімді формаларының бірі болып табылады және ғылымның негізгі қозғаушысы болып саналады. Жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін ҚазҰУ-дың докторантурадан кейінгі бағдарламасы Ержан Келесұлына өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға, тәуелсіз ғылыми зерттеулер жүргізуге, оларды эксперименттік жобалау жұмыстарында және әлемнің жоғары деңгейлі ғылыми басылымдарында жариялауға мүмкіндік береді.

 

Докторантура туралы ережеге сәйкес, постдокторант жас ғалымдардан, докторанттардан және магистранттардан тұратын ғылыми топ құрып постдокторантура аяқталғаннан кейін зерттеу бағытын одан әрі дамыту, университетте ғылыми жобаларды жүзеге асыру мақсатында университеттің қолдауымен ғылыми-техникалық базасы мен зерттеу ортасын құрады.

 

Ержан Келесұлына шығармашылық табыс тілейміз!

 

https://www.kaznu.kz/ru/19427/page/

https://www.kaznu.kz/content/files/pages/folder