«GREEN ENERGY» – БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ

29.01.2021

Көрулер: 2091

 

2020 жылы желтоқсан айының 23-де Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Профессоры А.Қ. Ершинаның 70 жылдығына және ғылыми-педагогикалық қызметінің 45-жылдығына арналған «Білім берудің инновациялық дамуы, ғылымды қажет ететін өндіріс және баламалы энергия көздері» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

 

Онлайн режимде өткен бұл конференцияның «Green Energy» – Болашақ энергия көздері атты секциясында механика кафедрасының доценті, ф.-м.ғ.к. Д.Е.Туралина, доцент, ф.-м.ғ.к А.К.Тулепбергеновтың жетекшілігімен және докторанттар Д.Босинов пен А.Азаматтың қатысуымен 10-ға жуық баяндама жасалды. Баяндама тақырыптары баламалы энергия көздеріне, оның ішінде жел, күн, су энергиясы, жер астына сақталатын жылу энергиясының мәселелеріне, мұнайды тасымалдау мәселелеріне арналды. Баяндама жасаған механика кафедрасының оқытушылары мен студенттері Конференцияға белсенді қатысқаны үшін Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Ректоры Г.Т.Алдамбергенованың Алғыс хатына ие болды.

 

    

 

Профессор А.Қ. Ершинаның 70 жылдығына және ғылыми-педагогикалық қызметінің 45-жылдығына арналған «БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫ, ҒЫЛЫМДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ӨНДІРІС ЖӘНЕ БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ» атты халықаралық ғылыми онлайн конференция материалдарының жинағында жарияланды.