Қалалық ғылыми семинар «Жаратылыстанудың математикалық мәселелері. Кері және и дұрыс емес есептер»

24.12.2020

Көрулер: 1596

 

 

2020 жылының 9 желтоқсанында «Жаратылыстанудың математикалық мәселелеріКері және и дұрыс емес есептер» қалалық ғылыми семинары өтті.

 

70 (101) Мәжіліс 

 

Семинар жетекшілері:

  • Бектемесов М.Ә. - ф.-м.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің бірінші проректоры;
  • Рысбайұлы Б. - ф.-м.ғ.д., профессор, ХАТУ-нің «МКМ» кафедрасының меңгерушісі;
  • Жакебаев Д.Б. - PhD, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің деканы

 

ТАҚЫРЫБЫ: «Реономды материалдардың жылжымалылығы мен зақымданғандығына жүктеу режимінің әсерін модельдеу және зерттеу»

 

Аңдатпа: Материалдардың беріктігі мен шыдаммерзімін бағалауда, реономды материалдардың жылжымалылығы мен зақымданғандығына жүктеу режимінің әсерін модельдеу және зерттеу жүргізілді. Реономды материалдар деформациясының физикалық сызықты (сызықты еместігін) бағалаудың тәжірибелік реологиялық параметр деп аталатын жаңа параметр енгізілді. Параметр көмегімен реономды процестер зерттелді. Ю.Н. Работновтың сызықты емес интегралдық теңдеуімен сипатталатын материалдардың жылжымалылық параметрлерін α, ε0, δ, β және λ анықтаудың жақсартылған әдістері ұсынылды. Жылжымалылық параметрлерінің α және δ мәндерін жоғары дәлдікпен есептейтін алгоритм және сәйкесті компьютерлік бағдарлама әзірленді. Тәжірибелік және модельдік реологиялық параметрлер және изохронды қисықтарының ұқсастық коэффициенттері туралы түсінік енгізілді.

 

Нейлон 6, ТС 8/3-250 шыныпластик (Ѳ=0°, 45°, 90°) материалы, СВМ арамидтік талшығы, EDT-10 шайыры, поликристалды графит және Т=20, 30, 40, 50, 60° С температураларындағы эпоксифенолды шыныпластик, полиэфирлі полимербетон материалдарының тәжірибелік сынақ нәтижелеріне ұсынылған әдістер мен сәйкесті әзірленген бағдарлама көмегімен жүзеге асыру үдерісі көрсетілді. Тұтқырлысерпімді материалдардың кернеулі релаксациясы есептері шешілді

 

Асфальтбетон үлгілерінің 22-24° С температурада тікелей созылу схемасында зерттелгендегі материалдың деформациясы мен қирау сипаттамалары тәжірибелік түрде анықтау нәтижелері қарастырылды. Асфальтбетон үлгілеріне тұрақты кернеуде, сатылы, циклдік жүктемеде (жүктеу-тынығу) және тұрақты жүктеу жылдамдығындағы жүктемеде жүргізілген тәжірибелік сынақтары зерттелді.  

 

Баяндамашы:

Енсебаева Гульзат Муратбековна PhD докторант, мамандығы 6D060300 – «Механика»


Ғылыми кеңесшілер:

Отандық: Ысқақбаев Әлібай – ф.-м.ғ.д., профессор,

               Телтаев Бағдат Бұрханбайұлы –т.ғ.д, профессор

Шетелдік: Cesare Oliviero Rossi PhD, профессор, Калабрия университеті, Италия.

 

Сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/86756875462?pwd=QVM4SVJsODk5MmhUZlpuUHdPSzFydz09

Конференция идентификаторы: 867 5687 5462

Коды: 044492