Академик Н. Т. Данаев атындағы №321 дәріс аудиториясының салтанатты ашылуы.

12.12.2020

Көрулер: 1972

2020 жылдың 12 желтоқсанында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Нарғозы Тұрсынбайұлы Данаевтың атындағы №321 дәрісхананың ашылуы өтті.

 

Нарғозы Тұрсынбайұлы Данаев - 1948 жылы 3 қыркүйекте Жамбыл облысы Талас ауданы Майтөбе ауылында дүниеге келген. Ол мұнай-газ өндіру, экология, ауа райын болжау, химия өнеркәсібі және т.б. практикалық беделі маңызды салаларда кеңінен қолданылатын гидродинамика есептерін тиімді шешу саласының ірі әрі көрнекті маманы және білім беру мен ғылым саласының белгілі ұйымдастырушысы. Оның басшылығымен 15 ғылым кандидаты, 3 ғылым докторы дайындалды. 1994 жылдан бастап өмірінің соңына дейін өзі құрған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің математика және механика Ғылыми Зерттеу Институтының директоры болды. Еңбегінің нәтижелері мен «математикалық ғылымды дамытуға және кадрлар даярлауға» қосқан зор еңбектері үшін 1994 жылы ҚР ғылым, техника және білім салаларындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. 2001 жылы ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі болып сайланса, 2006 жылы Халықаралық инженерлік академиясының академигі болып сайланды. 2001 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытқаны үшін» белгісімен, 2008 жылы «Қазақстан республикасының құрметті қызметкері» төсбелгілерімен және Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарымен марапатталған. 2008 және 2012 жылдары «ҚР-ның жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері болды.

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановтың 2020 жылдың 16 наурызындағы №121 бұйрығымен Механика және математика факультетіндегі «Математика және компьютерлік үлгілеу» кафедрасының №321 аудиториясына академик Нарғозы Тұрсынбайұлы Данаевтың есімі берілді.

 

https://www.youtube.com/watch?v=-_D2Vm40puc&feature=youtu.be