Профессор Ш. С. Смағұлов атындағы №324 дәріс аудиториясының салтанатты ашылуы

12.12.2020

Көрулер: 1884

2020 жылдың 12 желтоқсанында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Смағұлов Шалтай Смағұлұлы атындағы дәрісхананың ашылуы өтті.

 

 

Шалтай Смағұлұлы Смағұлов - 1949 жылы 16 наурызда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген.

 

 

Ол - аса көрнекті ғалым, педагог, білім беру мен ғылым салаларында өте талантты ұйымдастырушы. Математикалық пішімдеу мен есептеу математикасында ғылыми мектептің негізін салушы. 1984 жылдары сол кездегі С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың механика-математика факультетінің дифференциалдық теңдеулер кафедрасының меңгерушісі қызметінен 2001 жылға дейін бірнеше кафедраларда меңгеруші қызметтерін атқарды. 1996-2001 жж. әл-Фараби атындағы ҚазМУ-нің «Механика және математика» ғылыми зерттеу институтының директоры, одан кейін механика және математика факультетінің деканы қызметтерін атқарған. 

Ректор академик Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлының қолдауымен, Механика және математика факультетінің қазіргі деканы Дәурен Жакебаевтың тікелей атсалысуымен және Ш.С. Смағұлов отбасының, шәкірттерінің және Түлектер қауымдастығының демеушілік етуімен заманауи жабдықталған 324-ші аудитория студенттер игілігі үшін өз есігін айқара ашты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановтың 2020 жылдың 16 наурызындағы №121 бұйрығымен Механика және математика факультетіндегі «Математика және компьютерлік үлгілеу» кафедрасының №321 аудиториясына академик Нарғозы Тұрсынбайұлы Данаевтың есімі берілді.

 

https://www.youtube.com/watch?v=1KWCUaOiKCI&feature=youtu.be