Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының докторанты Наукенова Алтынай Академик Ш.Есенов атындағы қордың грантын жеңіп алды!

27.11.2020

Көрулер: 1813



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының докторанты Наукенова Алтынай академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының «Әлем зертханаларында ғылыми тағылымдамалар» байқауының жеңімпазы атанды.

Бағдарлама әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу зертханаларында ұзақтығы 3 айға созылатын жазғы тағылымдамадан өтуге 17 грантты ұсынды. Бағдарлама PhD дәрежесін алып, болашақта Қазақстанда ғылыми қызметпен айналысқысы келетін дарынды қазақстандық студенттер мен белсенді ғылыми қызметкерлерді қолдауға бағытталған.

Грант мөлшері - 7500 доллар.

Байқау шарты бойынша 17 гранттың 10-ы бакалавриаттың 2-3 курс студенттеріне, 7 грант бакалавриаттың соңғы курс студенттеріне, магистратураның 1-2 курстары мен қазіргі зерттеушілерге бөлінді. Сол 7 гранттың бірін біздің Алтынай жеңіп алды!

Құттықтаймыз!

 

https://yessenovfoundation.org/o-fonde/programmyi/nauka/nauchnyie-stazhirovki-v-laboratoriyah-mira/programma-nauchnyh-stazhirovok-v-laboratoriyah-mira-2020/ 

https://yessenovfoundation.org/?download=1&kccpid=6603&kcccount=https://yessenovfoundation.org/wp-content/uploads/2020/01/ri-final-winnerslist.doc