Механика-математика факультеті математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының ғалымдар тобы ҚР Білім және ғылым министрлігінің грантына ие болды

26.10.2020

Көрулер: 1700

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, механика-математика факультетінің математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы ғалымдарының жобасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жариялаған 27 ай іске асыру мерзімімен 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсында жеңіске жетті.

 Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының профессоры Хаджиева Лела Азретовнаның жетекшілігімен ғалымдар тобымен әзірленген "Күрделі сызықты емес қасиеттері бар механикалық деформацияланатын жүйелерді және машиналар динамикасындағы ауыспалы құрылымды талдау әдісін дамыту" жобасы жаратылыстану саласындағы ғылыми зерттеулер бағыты бойынша математикалық модельдеудің маңызды аспектілерін қамтиды.

Механика-математика факультеті мен математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы Лела Азретовна Хаджиеваны құттықтайды және одан әрі табыстар тілейді!