Механика-математика факультетінің математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының жас ғалымдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің
Көрулер: 1754
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетінің математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының жас ғалымдарының жобасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен жариялаған, 2020-2022 жылдарға арналған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсында жеңіске жетті.
Ph.D докторы, доцент, механика-математика факультетінің деканы Дәурен Бақытбекұлы Жақебаев жетекшілігімен жасаған жас ғалымдар тобының "Сыртқы күштерге ұшыраған кезде көп компонентті екі фазалы қоспаның компоненттерін концентрациялық бөлудің математикалық моделін жасау" жобасы ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер саласында жаңа математикалық модельдер жасауға бағытталған.
Механика-математика факультеті мен математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының атынан Жакебаев Дәурен Бақытбекұлын құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!






