«Цифрлық Қазақстан» тақырыбында кураторлық сағат

11.12.2019

Көрулер: 1867

Педагогикалық практика аясында механика кафедрасының магистранты Д. Бекмуканбетова Д. «Цифрлық Қазақстан» тақырыбында ашық кураторлық сағатын өткізді. Кураторлық сағатқа «Механика» мамандығының 3 курс студенттері қатысты. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығы мен негізгі міндеттері түсіндірілді. Ашық кураторлық сағат барысында студенттерге сандық технологиялардың көмегімен оңтайлы шешім табу қажет болатын түрлі өмірлік жағдайлар таныстырылды. Қорытындылай келе студенттер «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының оң және теріс жақтарын атап өту үшін екі топқа бөлінді. Кураторлық сағатқа механика кафедрасының оқытушылары да қатысты.

29.11.2019 ж.

Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.