Механика-математика факультетінің студенттері ҚР БҒМ гранттарына ие болды

26.04.2019

Көрулер: 363

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері 2019-2020 оқу жылының күзгі семестріне ҚР БҒМ жариялаған академиялық ұтқырлық байқауының жеңімпаздары атанды. Конкурсқа ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық деңгейде танылған (IELTS, TOEFL) сертификаттары бар, сонымен қатар академиялық үлгерімі (GPA) жақсы және жетістіктері (мамандық бойынша Дипломдары) бар студенттер қатысты Нәтижесінде, академиялық ұтқырлық аясында университетіміздің 62 студенті 2019-2020 оқу жылының күзгі семестрінде әлемнің жетекші университеттерінде білім алады. Олардың ішінде механика-математика факультеті «Механика» кафедрасының 1 курс студенті Сабиров Малика, МКМ кафедрасынан  Бекен А.А., Бейбитқызы А., Жалдыбаева М.М. және математика кафедрасынан Тойбазарова І.Ж. да бар.