Студенттердің РФФМ-де өткен педагогикалық практикасы

16.04.2019

Көрулер: 2169

Сегізінші семестрде «5В060300-Механика» мамандығының оқу жоспарына сәйкес механика кафедрасының 25 студенті Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебінде педагогикалық практикадан  өтті.

Педагогикалық практиканың мақсаты - студенттердің кәсіби-педагогикалық тәжірибесін одан әрі жетілдіру, тәрбие жұмысының негізгі міндеттерін түсіндіру.

Педагогикалық практиканың алғашқы күнінен бастап директоры А.М.Кунгожин бастаған мектеп ұжымы студенттерді жылы  қарсы алды.

Тәжірибе барысында студенттер өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндіктері болды, олардың мамандықты таңдағанда дұрыс таңдау жасағандықтарына көздері жетті, сабақтың құрылымы туралы жақсы түсініктері қалыптасып, өздеріне деген сенімдері артты.

Жалпы алғанда, студенттердің педагогикалық тәжірибесі табысты өтті!