«Ана бақыты - балада!» атты ашық кураторлық сағаты өтті!

09.04.2019

Көрулер: 2033

Механика кафедрасының бірінші курс докторанттары Г.Айдашева мен Б. Ахметова куратор-эдвайзер О.Байысбаеваның жетекшілігімен докторанттарға арналған педагогикалық практика аясында «Ана бақыты - балада!» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағатқа «Механика» мамандығындағы мех 18-3 тобының 1- курс студенттері қатысты. Студенттер «Соқыр ана»  атты сахналық көрініс көрсетті. Аналар туралы монологтарды оқып, домбыра ойнады, барлығы бірге «Ана туралы жыр» әнін орындады.

Аталған тәрбие сабағына қонақ ретінде аль-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасының оқытушылары мен докторанттары, басқа топ студенттері де шақырылды.