Механика мамандығының 1-курс студенті механика және математика факультеті деканының стипендиясына ие болды

23.02.2019

Көрулер: 2567

Механика кафедрасы «Механика-5В060300» мамандығының 1-курс студенті Калтырбаев Диас механика және математика факультеті деканының стипендиясына ие болды. Қоғамдық және мәдени-шығармашылық істерді атқаруда белсенділік танытып, жетістіктерге жеткені үшін 50 000 теңге көлеміндегі стипендия Калтырбаева Диасқа берілді.

Стипендияны  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің үздік студенттеріне қолдау көрсету мақсатындан факультет деканы Д.Б.Жакебаев тағайындады.