«Ғылым мен технологиядағы математикалық әдістер» атты 2-ші халықаралық жазғы мектебі
Көрулер: 4329
28 мамырдан бастап 8 маусым 2018 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінде «Ғылым мен технологиядағы математикалық әдістер» атты 2-ші халықаралық жазғы мектебі өтуде. Студенттер мен жас ғалымдар арнайы семинарлар мен талқылауларға қатысуға, әлемнің жетекші ғалымдарының дәрістерін тыңдауға мүмкіндігі бар. Қатысушылардың қатарында ғылыми-зерттеулерді жүзеге асыруға және ағылшын тілінде дәріс оқуда өз үлестерін механика-математика факультетінің оқытушылары Жанат Жүнісова, Нияз Тоқмағамбетов, Әйгерім Әбдібекова, Марлен Бисалиев қосуда.

I-ші «Ғылым және технологиядағы математикалық әдістері» атты НУ, ҚазҰУ, ҚБТУ, СДУ профессорлары мен студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылған, (5 - 10 маусым, 2017, Астана, Қазақстан) жазғы мектебі қорытындысы бойынша Назарбаев Университетінің бастамасымен IT технологияны пайдалану, Bigdata студенттердің ғылыми қызығушылығын арттыру, бір мезгілде ғылыми жобалар арасындағы өзара зерттеулерді оңтайландыру үшін, шетелдік жоғары білікті оқытушыларының қатысуымен Алматы қаласында 2-ші халықаралық жазғы мектебін өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл бастаманы Қазақстанның алдыңғы қатарлы университеті - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті белсенді қолдады. Мұндай жобаларға, жоғары білікті дифференциалдық теңдеулер мен IT технологиялар саласындағы сарапшылар қатысты I. Stavroulakis (Ioanina университеті, Греция), Д. Matrasulov (Турин политехникалық университеті, Өзбекстан), Назарбаев Университетінен А. Бунтис, В. Кованис, Д. Вэй, А. Десятников.
Білім және ғылыми-зерттеулардің бірлескен әзірлемелер негізінде ҚазҰУ-нің механика-математика факультеті осы мектептің басты ұйымдастырушысы болды. Назарбаев Университеті тарапынан Ғылым және технология мектебі қатысушы болып табылады. Жазғы мектепке қатысу Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атындағы Механика-математика факультетінің оқытушылары мен студенттеріне халықаралық ғылыми және білім беру жобаларына қатысуға мүмкіндік береді.

Жазғы мектептің ғылыми-зерттеулерін жүзеге асыруға және ағылшын тілінде дәрістер оқуда механика-математика факультетінің оқытушылары Жунусова Ж.Х., Тоқмағамбетов Н. Әбдібекова А., Бисалиев М. лайықты үлестерін қосуда. Жазғы мектептің міндеттері математика және физиканың іргелі мәселелеріне бағытталған, мысалы, сызықты емес құбылыстар мен экономика, биофизика, медицина, криминалистикадағы проблемаларды модельдеу. Бұл зерттеулер біздің ғаламымыздың ішкі құпияларына енуге мүмкіндік береді. ҚазҰУ ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің сұранысы жоғары, маңызды болып табылады және еліміздің индустриялық-инновациялық дамуына табысты ықпал етеді. Әрине, бұл зерттеулер тәуелсіз Қазақстанның имиджін арттырады.
Сонымен, 28 мамыр мен 8 маусым аралығында, 2018 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Механика-математика факультетінде «Ғылым және технологиядағы математикалық әдістері» атты 2-ші халықаралық жазғы мектебі өтуде. Студенттер мен жас ғалымдар арнайы семинарлар мен талқылауларға қатысуға, әлемнің жетекші ғалымдарының дәрістерін тыңдауға бірегей мүмкіндіктері бар. Әрине, осындай маңызды іс-шара әлемдік ғылыми-білім беру қауымдастыққа интеграциалауға, Қазақстанның инновациялық экономикасын құру үшін қажетті елдің жоғары білікті кадрлық әлеуетін, қалыптастыруға ықпал ететін болады.







