Студенттер Асылы Османмен кездесті

26.09.2017

Көрулер: 4742

Механика-математика факультетінің Ө.А.Жолдасбеков атындағы Үлкен мәжіліс залында университеттің студент көшбасшыларының көрнекті қоғам қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, тіл жанашыры Асылы Әлиқызы Османмен «Ұлттых рух – рухани жаңғырудың негізі» атты кездесуі болып өтті.

 
 

 

Сырласу кеші студент жастарды отансүйгіштікке баулу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселелеріне арналды. Кеш кейіпкері өзінің қазақ тілінің тағдыры жайлы ойларымен бөлісіп, қоғам өмірі туралы жастарды толғандырып жүрген көкейтесті сұрақтарға жауап берді. Өнерпаз студенттер қоғам қайраткеріне арнау өлеңдер оқып, ән мен күйден шашу шашты, қолтаңба алып, ескерткіш суретке түсіп, тарасты.