Мен кіммін?

14.02.2017

Көрулер: 4591

Өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де өзгемен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалыптаса алуы қажет. Осы мақсатта әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті механика-математика факультетінің информатика кафедрасының 1 курс студенттерімен және факультетіміздің студенттер деканы Ахмет Лесбектің жүргізуімен «Мен кіммін?» деп аталатын трениг-сабақ өтті. Студенттер өздерін еркін сезініп, қарым-қатынасқа түсу үшін шеңберге тұрып, «дөңгелек құрбаны» ойынын ойнады. Сабақ барысында студенттер өмірде тек мансапқа ғана қол жеткізу емес, одан да басқа құндылықтардың көп екендігіне көз жеткізді.