Фурманов шыңына демалыс күнгі жорық

Рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен 8 ақпан 2015 жылы Фурманов шыңына демалыс күнгі жорық өтті. Демалыс күнгі жорыққа рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушылары мен студенттері, сонымен қатар химия және химиялық технологиялар факультетінің магистранттары қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты студенттердің теориялық білімдерін практикада шыңдау болып табылады. Қатысушылар таңғы сағат 8.00-де «Қазақстан» қонақ үйіне қарама-қарсы аялдамада жиналды. 1 курс студенттері қарлы рельефті маршрутты өтудің техникасы мен тактикасымен танысуға мүмкіндік алды. Берілген жорық «Саламатты дене мәдениеті» жобасын дамытуға бағытталып, студенттер мен оқытушылардың физикалық жағдайын жақсартуға, қыс уақытындағы тау маңындағы табиғи сұлулықты көрсету үшін жүзеге асырылған. Барлық студенттер тамаша көңіл-күйде болып, шаршағандарына қарамастан берілген маршрут пен көктемгі жорықты қайталауға ықылас білдірді.

Басылым күні :  21.04.2015