"С. Р. Ердавлетов – Қазақстандағы туризм туралы ғылымның негізін қалаушы " халықаралық қатысумен дөңгелек үстел

2021 жылдың 20 мамырында география ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы туризмінің құрметті қызметкері, профессор Ердавлетов Станислав Рамазанұлының туғанына 80 жыл толуына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Ұйымдастырушы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ рекреациялық география және туризм кафедрасы. 
Іс – шараның форматы-аралас (онлайн плюс ұйымдастырушылардың көзбе-көз қатысуы).


Негізгі мақсаты-жаһандық сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер жағдайында туризм және қонақжайлылық саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми проблемаларды, кәсіби орта мен туристік білім беру саласындағы оң тәжірибені, инновациялар мен интеграцияны, туризм туралы ғылымдағы сабақтастықты, С.Р. Ердавлетовтың ғылыми мұрасын талқылау.

Басылым күні :  22.05.2021