Ынтымақтастық көкжиегін дамыту
09.06.20232023 жылдың 7 маусымында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Ресейдің тұңғыш президенті Б.Ельцин атындағы Орал федералдық университетінің делегациясымен кездесу өтті.
Бұл кездесу ҚазҰУ-дың әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі факультет басшыларының қатысуымен Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің базасында өтті. Университеттің ғылым саласындағы жетістіктері туралы департамент басшысы Жолдас Алладинұлы Бөрібаев айтып берді.